Бүгін “Nur Otan” партиясының Түркістан облыстық филиалы мен Түркістан облысының Әділет департаментінің бірлесіп ұйымдастыруымен Департамент басшысының міндетін атқарушы Балжан Алипбектің және адвокаттар алқасы мен нотариаттық палатаның, жеке сот орындаушылар палатасының, Заң консультанттары палатасы, сондай ақ «Азаматтарға арналған үкімет» МК-ң қызметкері мен азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен “Nur Otan” партиясының Түркістан облыстық филиалы ғимаратында «Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді.Аталған шара барысында сала мамандары әділет органдарына қатысты сұрақтарымен келген азаматтардың өтініштерін тыңдап,тиісті заң аясында шешілу жолдарын қарастыра отырып, оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Қабылдауда болған азаматтардың қатарында Г. Меңлібаева да бар. Қала тұрғыны тауар таңбасын тіркеуге электрондық өтінім беру сұрағы бойынша жүгінді. Аталған өтініш бойынша мамандар электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, өтінімді екі тәсілмен беруге болатындығын жеткізді. Атап айтсақ, 1) «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК-ның www.kaspatent.kz сайты арқылы;2) ҚР www.egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы беруге болады. Тауар таңбасының тіркелуі өтінім берілген күннен бастап 10 жыл бойы қолданылады және иесі берген өтініш хат бойынша әр жолы 10 жылға ұзартылады. Сонымен қатар азаматша А.Сапарбаева Авторлық құқықтың жарамдылық мерзімі бойынша құқықтық кеңес алды. Қазақстан Республикасында авторлық құқық автордың бүкіл өмір бойы және ол қайтыс болғаннан кейін 70 жыл бойы күшінде болады. Авторлық құқық, есімнің құқығы және автордың беделін қорғау құқығы мерзімсіз қорғалатындығы түсіндірілді.Бұдан бөлек, қала тұрғыны Арай Елемесоваға, апостиль қою үшін қажетті құжаттар тізімі және өтінішті тапсыру тәртібі бойынша сұрағына жауаптар берілді. Әділет министрінің 27.05.2020 жылғы № 58 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою эксаумақтық қағидаты бойынша жүзеге асырылады, яғни, Республика бойынша кез келген Әділет департаменттерімен жүзеге асырылады.Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қалауы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына» қағаз түрінде немесе «электрондық үкімет» веб — порталы арқылы электрондық түрде Қағидаға сәйкес өтініш береді.- өтініш;- жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);- апостиль қоюға жататын құжат (құжаттар түпнұсқаларда да, нотариалды куәландырылған көшірмелерде де апостиль қою үшін қабылданады);- мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат /0,5 МРП 1531,50 тенге/;- көрсетілетін қызметті алушының өкілі (жеке тұлға) жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат) қажет.Айта кету керек, «Әділет кеңес береді» акциясы аясында 30-ға жуық азамат тегін заңгерлік құқықтық кеңеске ие болды. Олардың қатарында алимент өндіру, қоғамдық бірлестікті мемлекеттік тіркеу, апостиль қою адвокаттық және нотариаттық қызметтерге қатысты бірқатар өтініштер қаралды.
Түркістан облысының Әділет департаменті