Украина аумағында азаматтық авиацияның қауіпсіздігіне төнетін қауіпке және NOTAM жариялаған Днепр, Львов, Симферополь, Одесса, Киев және әскери іс-қимылдармен байланысты басқа да аймақтарда ұшуға тыйым салынуына байланысты отандық компанияларының барлығына Украинаға және бұл елдің үстімен ұшуға тыйым салынады.
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі тұрақты, жүк және чартерлік әуе тасымалдарын орындайтын отандық әуе компанияларына жағдай тұрақталғанға дейін Украина аумағына және оның әуе кеңістігінің үстінен азаматтық әуе кемелердің ұшуларына тыйым салу туралы тиісті нұсқаулар (радиограммалар) жіберді.
ҚР ИИДМ Баспасөз орталығы