Antikor Live: Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ұсынысы бойынша 16 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Бүгінде әрбір қылмыстық іс бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудың себептері мен алғышарттарын жою туралы ұсынулар енгізіліп, ұжымдарда қаралуда. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев «Аntikor ortalyǵy» алаңында өткен брифинг барысында мәлімдеді.

Спикердің айтуынша аталған іс-шаралар аясында іс-әрекеттердің себептері егжей-тегжейлі талқыланады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және ұжымдарда парасаттылық қағидаттарын енгізу бойынша ұсыныстар енгізіледі.

«Ағымдағы жылдың 8 айында Департаментпен қылмыстық істерді тергеу шеңберінде мемлекеттік органдарға 34 ұсыным енгізіліп, бүгінгі күнге оның 32-і  қаралды.

Қарау нәтижесі бойынша 16 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды» — деп атап өтті Талғар Серікбаев.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті