«Ashyq» бағдарламасы өз нәтижесін бере бастады

Қызылорда облысында бүгінгі күні 66 нысан «Ashyq» жүйесі бойынша жұмыс жасауда деп хабарлайды Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Баспасөз орталығы.

Олар: 11 компьютерлік клуб, 2 бассейн, 2 спа-орталық, 1 сауна, 1 боулинг орталық, 2 кинотеатр, 2 бильярд орталығы, 2 фитнес залы және 43 қоғамдық тамақтану орны.

«Ashyq» жүйесі тек облыс орталығында емес, аудандарда да қолданыла бастады.Атап айтқанда, Шиеліде-3, Қазалы мен Арал аудандарында бір нысаннан қосылған.

Облыста 26 сәуірден бастап іске қосылған «Ashyq» бағдарламасы өз нәтижесін бере бастады. Қызылорда қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына кәсіпкерлік нысандар тарапынан 1қызыл, 5 сары мәртебесіндегі адамдардың анықталғандығы туралы  хабарламалар келіп түсті.  Олар кинотеатр мен кафелергекіргізубарысындаанықталған.

Қазіргі таңда  бұл адамдарға қатысты қаланың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 14 күндік карантиндік оқшаулану тәртібін бұзбау туралы Қаулысы шығарылды. Мұндай карантин талаптарын бұзушылық қайталанған жағдайда кінәлі тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қолданылатын болады.