«Turkistan» телеарнасы іске қосылды

Ұлыстың Ұлы күні Әз-Наурыз қарсаңында таңғы 7-ден бастап «Turkistan» телеарнасы «Отау ТВ» ұлттық спутниктік желісі және кабельдік желілер арқылы қалың көрерменге жол тартты деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құрылған халықаралық  «TURKISTAN» телеарнасы түркітілдес мемлекеттердің ақпарат кеңістігінде 3 тілде хабар тарататын арна болмақ. 

Телеарна күн сайын өзекті ақпараттар мен қызықты бағдарламалар,  телехикаялар мен деректі фильмдер топтамасын назарларыңызға ұсынады.  Атап айтқанда, «Salem» таңғы ақпараттық-сауықтық бағдарламасы, «Turkistan times» жаңалықтар топтамасы, «Ғибрат», «Әпсана», «Жан сарайы», «Бетперде» секілді көрерменге берері мол бағдарламалар да өз көрерменін күтеді. 

«Turkistan» телеарнасы түркітілдес елдер арасындағы ақпарат алмасу мен бірегей ортақ медиа кеңістік қалыптастыруға алтын көпір болады деген жоспар бар.                                                  

Запущен телеканал  «Turkistan»

В преддверии великого праздника Наурыз с 7 утра телеканал «Turkistan» начал своё вещание в спутниковой сети «Отау ТВ» и кабельным сетям передает пресс-служба акима Туркестанской области.

Международный телеканал «TURKISTAN», созданный по поручению Елбасы Нурсултана Назарбаева, станет каналом вещания в информационном пространстве тюркоязычных государств на 3 языках. В эфире телеканала ежедневно актуальная информация и интересные программы, сериалы и документальные фильмы. В частности, для зрителей утренняя информационно-развлекательная программа  «Salem», новостная лента «Turkistan times», программы «Ғибрат», «Әпсана», «Жан сарайы». Телеканал «Turkistan» планирует стать «золотым мостом» для обмена информацией между тюркоязычными странами и формирования единого общего медиапространства.