АЙТЫЛДЫ – ОРЫНДАЛДЫ: АБАЙ АУДАНЫНДА 6 СПОРТ ЖӘНЕ ОЙЫН АЛАҢЫ САЛЫНДЫ

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тұрғындармен көшпелі кездесулері барысында айтылған өтініштер кезең-кезеңімен орындалып келеді.

Кездесулер барысында Абай ауданының тұрғындары балаларға арналған спорт және ойын алаңшаларын салу туралы өтініш білдірген болатын.

Тұрғындардың өтініштері зерделеніп, нәтижесінде аудан аумағында 6 заманауи спорт және балалар ойын алаңшасы салынды.

Жаңа алаңшалар мына мекенжайларда орналасқан:

  1. Нұршуақ шағынауданы, Ілтипат көшесі;
  2. Нұршуақ шағынауданы, Шатыркөл көшесі;
  3. Қайнарбұлақ тұрғын алабы, Мырза көшесі;
  4. Қайнарбұлақ тұрғын алабы, Цементников көшесі;
  5. Ынтымақ шағынауданы, Сарқан көшесі;
  6. Ынтымақ шағынауданы, Аққұрай көшесі.

Аталған алаңшалар балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне, спортпен шұғылдануына және тұрғындардың белсенді демалысына мүмкіндік береді.

Азаматтардың ұсыныстарын ескеру және шағынаудандардағы қоғамдық инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.

Источник: с сайта gov.kz