Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізетін «Қарасора-2023» ЖАШ шеңберіндегі іс-шараларға қоғамдық ұйымдардың өкілдері де белсенді түрде қатысады.
Осындай кезекті кездесу Жамбыл ауданындағы «Болашақ» жазғы сауықтыру лагерінде өтті. Спикерлер ретінде полиция қызметкерлері, Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесі төрағасының міндетін атқарушы Аракси Плетнева, «Радонеж» орыс қауымы Аналар кеңесінің мүшесі Антонина Беляева, Тараз қаласы өзбек мәдени орталығының Аналар кеңесінің мүшесі Сабохат Құдайбергенова сөз сөйледі.
Тыйым салынған заттарды тұтыну және таратуға қатысты құқықтық жауапкершілікті, сондай-ақ оларды тұтынудан жастардың денсаулығына жағымсыз салдарлар бойынша түсіндіру дәрісі өткізілді. Іс-шара А.Беляеваның қатысуымен концерттік бағдарламамен аяқталды.
— Мұндай іс-шаралар жасөспірімдер мен жастардың тұрақты есірткіге қарсы санасын қалыптастыруға бағытталған. Өкінішке орай, ең алдымен, олар көбінесе тәуелділікке бейім. Тәртіп сақшылары оларды тыйым салынған заттарды тұтынудан қорғау үшін бәрін жасайды. Азаматтық белсенділердің де қиын күреске өз үлестерін қосып жатқаны қуантады, — деді облыстық ПД ЕҚҚІБ бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.