Спорттық сайыстардан жүлделі орын алған полицейлер марапатталды

Тәртіп сақшылары қылмыспен күресу жолында ғана емес, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, түрлі спорттық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Атап айтар болсақ, Түркістан облысы Полиция департаментінің мәжіліс залында спортшы полицейлерді департамент бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов өзі арнайы марапаттады. Жеңімпаз тәртіп сақшысының бірі – полиция капитаны Жәнібек Айдарбек. Ол Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласында ересектер арасында «Әмбебап» жекпе-жек спорт түрінен өткен жарыста «Спорт шебері» атағына қол жеткізген. Сонымен қатар қаламызда өткен «Грэплинг» спорт түрінен Түркітілдес мемлекеттер арасында өткен Халықаралық турнирде 83 кг салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанған. Ал осы жарысқа 91 кг салмақта қатысқан полиция аға лейтенанты Жолдасбек Ануаров I-орынды иеленген. Аталған полицейлер арнайы медаль, дипломмен марапатталды. Біз де жүлделі орындарға ие болған полиция қызметкерлерін құттықтаймыз. Алар асуларыңыз бен шығар белестеріңіз көп болсын! Алдағы жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз!

ТО ПД баспасөз қызметі