Темекі шегудің, маскүнемдіктің, нашақорлықтың алдын алу мақсатында дөңгелек үстел өтті

Нашақорлық, маскүнемдік, темекі шегу, снюстерді қолдану адамзат үшін жаһандық мәселеге айналғаны жөнінде Шымкент қалалық психикалық денсаулық орталығында БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстелде айтылды. Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселелері бойынша Шымкент қаласының басқарма қызметкерлерімен, БАҚ және діни өкілдерімен, ұлттық мәдени орталықтарының өкілдерімен, жастар және қоғамдық бірлестіктері әріптестік нығайтылған. Әр тоқсан сайын нашақорлықтың, маскүнемдіктің және темекі шегудің өзекті мәселелері бойынша денсаулық сақтау басқармасы тарапынан семинар-конференциялар өткізіледі. Психикалық денсаулық орталығының нашақорлықтың, маскүнемдіктің және темекі шегудің мәселелері жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарымен (теледидар, радио және баспа) жұмыс жүргізу жоспары жасалынып, іске асырылады. Емдеу-профилактикалық медициналық мекемелермен бірге салауатты өмір салтын қалыптастыру және аурулардың алдын-алу жөнінде айлық талдаулар қорытындысын іске асыру бойынша іс-шаралар ұйымдастырылады. Психикалық денсаулық орталығының нарколог дәрігерлері Шымкент қаласының білім беру мекемелерінде нашақорлықтың, маскүнемдік алдын-алу шаралары бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан өткен дөңгелек үстелде бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміздің мектептерінде жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат еткен дара тұлғаларды тәрбиелеуді басты талап етіп қойғаны туралы айтып, салауатты өмір салты дегеніміз- денсаулықты нығайту мен сақтау, ағзаның дұрыс дамуын қамтамасыз ететін гигиеналық ережелерді орындау екендігін түсіндірді. Денсаулыққа тек дене шынықтыру арқылы қол жеткізуге болады. Дене қозғалысы адам ағзасын дамытып, жұмыс істеу қабілетін арттырады, ауруды алыстатып, өмірді ұзартады. Денсаулық – адамға табиғаттың берген ең ұлы құндылығы деп қорытындылады.

Дәрігерлердің айтуынша, спирт миға сіңіп, жүйке жасушаларын уландырады. Одан ақыл-ой, сөз ойлау қабілеті бұзылады да, рухани ауыр халге ұшырайды, сөйтіп дел-сал болады. Спирт – асқазан жолының кілегейлі қабықшасын зақымдап, қарында,ұлтабар ұшында уытты жара – гастрит пайда болады. Бауырда спирт ыдырағанда оған күш түсіп, беріш ауруына душар етеді.

Спиртті алғаш ішкенде бұлшықеттер босаңсып, ағзада жеңілдік әсер туындайды. Ал шынтуайтына келгенде маскүнемдердің тәбеті нашар. Олар көбінесе гастрит, ұлтабар ұшының ішек жарасы ауруларынан зардап шегеді. Рас, спирт медицинада дәрі жасауда қолданады. Бірақ адам ағзасындағы ауру тудыратын микробтарды өлтіру үшін 25 л спирт қажет. Ондай доза микроб емес адамды өлтіреді.

Кез келген қайта оңалту бағдарламасының негізі – психотерапия болып табылады. Оны жүргізу барысында диагностикалық мәліметтер, оның мідеттері нақтыланады, оларды шешу жолдары қарастырылады, аурумен жұмыстың нәтижесі шығарылады, болжам жасалады. Бұл аталған жұмыстарды жүргізу арқылы ауруға қолдау көрсететін терапия тағайындалып, болашаққа ұсыныс беріледі. Сонымен қатар, индивидуалды және топтық терапия да қолданылады. Индивидуалды терапия «штурм», «контрофнтация» және т.б. әдістерді пайдалана отырып, жүргізіледі.