Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау тобының қызметкерлері «Уылдырық» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде, 156 құқық бұзушылықты анықтады. Браконьерлерден 580 кг балық, шамамен 1500 м балық аулау торлары, қайықтар және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Мәселен тәртіп сақшылары балық инспекторларымен бірлесіп, Ордабасы ауданынан Арыс қаласының екі тұрғынын анықтады. Олардан қайық пен 60 келіге жуық түрлі балық тәркіленді. Балық ресурстарын заңсыз өндіру фактісі бойынша тергеу жүргізіліп, барлық жағдайлар анықталуда.
Сонымен қатар Түркістан облысының полицейлері Бөген, Көксарай және Шардара сияқты өзендер мен су қоймаларын қараусыз қалдырған қайықтар мен балық аулау торларынан тазарту жұмыстарын жүргізді.
Өз кезегінде тәртіп сақшылары Түркістан облысының тұрғындарын табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға және табиғатты қорғауға шақырады.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі