Шымкент қаласының полицейлері жаяу жүргіншілер жолағын жаңартты

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы Жол техника инспекция бөлімінің қызметкерлері қала көшелерінде зерделеу жұмыстарын жүргізуде деп хабарлайды Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі. Атап айтсақ, тәртіп сақшылары Шымкент қаласы әкімдігі Жолаушылар көлігі және автобиль жолдары басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, №30 жалпы орта мектептің алдында Пшеничная көшесіндегі 3 жаяу жүргіншілер жолағын жаңартты.