Оқушылармен жиналыс өтті

Түркістан қаласы Некрасов атындағы 9 мектеп-гимназияда құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында оқушылармен жиналыс өтті.Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша мектеп-гимназия директоры Ж.А Орынбаева жиналысты ашып,Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өз құқықтарын білуге,заңды құрметтеуге,қорғауға дағдыландыру мақсатында жұмыстар жүргізу жайын сөз етті. Аталған белгілер оқушыларды құқықтық тәрбиелеу негізінде отбасының және мектеп табалдырығынан бастап жүзеге асатынын айтты. Адамгершілік пен адалдық, әділдік пен мейірімділікке өзін тәрбиелеу арқылы таным белсенділіктерін арттыру керектігін айтып,оқушыларға жан-жақты түсінік берді.Келесі сөзді, Түркістан қаласы прокуратурасының аға прокуроры Ж.Қурманбаева сөз басында өзін таныстырып,мектебімізге бекітілгенін айтты. Мемлекетіміздің Ата заңының 1-бабының 1-ші тармағында ҚР өзін демократиялық,зайырлы,құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады және оның ең қымбат қазынасы адам және адам өмірі,құқықтарымен бостандықтары деген қастерлі сөздерді кірістіріп, жан -жақты заң білімі саласынан мағлұмат берді. Заңды білу заман талабы,әрбір адам өз құқықтарын жете білу керектігін айтты.Келесі сөз кезегін мектеп -гимназия инспекторы Д.Кулетов алды.Ол өз сөзінде

құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша кеңінен тоқталды.Қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі жасөспірімдердің арасындағы қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатынын қоғамға қарсы әрекеттердің алдын алуын,баланың жеке басына түсетін қиындықтар туралы,құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша кеңінен тоқталды. Дайындаған бейне ролигін көрсетті. Мектеп-гимназия психологы А Алёхина Кибербуллинг бойынша жан -жақты айтып,бейне ролик көрсетті.

Жиналыс соңында келген қонақтар оқушыларға сәттілік тілеп, естелік суретке түсті.

Ntime.kz