Мамандық бір қарағанда жәй нәрсе болып көрінуі мүмкін, бірақ ол бүкіл саналы ғұмырымыздың айнасы. Жүрек қалауыңмен таңдалған мамандық бойынша жұмыс істеу – өмір сүрудің материалдық қана емес, моральдық та көзі.
Осы орайда қаламыздағы арнаулы оқу орындарының бірінде ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтына талапкерлерді қабылау үшін түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге аталған оқу орнының Біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультетінің бастығы Ерболат Қайнар, аға оқытушы әдіскер Берік Уаисов және Түркістан облысы ПД Тәрбие және кадр басқармасы бастығының орынбасары Әшімхан Мырзаханов, 200-ге тарта студенттер мен мектеп бітіруші жоғары сынып оқушылары қатысты.
Жастармен кездескен полиция саласының мамандары ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтына оқуға түсу үшін қандай құжаттар дайындаумен қатар қалай жүзеге асырылатындығы жайлы да мәліметтер таратып, қатысушылар тарапынан берілген сұрақтарға жауап берді.