«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көшбасшылық мектебі» семинары өтті

Түркістан қаласының ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығында» облыстық жастар ұйымдарының көшбасшылары арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көшбасшылық мектебі» семинары өткізілді.

Семинарға Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы, Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі, Түркістан қалалық полиция басқармасының ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы қатысты.

Іс-шара барысында мемлекеттік қызметтегі әдеп қағидаттары, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тәжірибе алмасу ұйымдастырылды.