15 Қараша -Ұлттық валюта-теңге және қаржыгерлердің кәсіби мерекесі. 1993 жылғы жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге айналымға енгізілді.
1997 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен 15 қараша – төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні ретінде аталып өтіп келеді.
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлес қосып қаржы саласында жемісті еңбек етіп келе жатқан аудандық қаржы және экономика бөлімі, ауылдық округ әкім аппараттары, аудандық кірістер басқармасы, банк , аудандық қазынашылық бөлімдерінің қызметкерлерін аудан әкімінің орынбасары А.Өсербаев, және «AMANAT» партиясы мен аудандық маслихат төрағалары мерекелерімен құттықтап арнайы Алғыс хаттармен марапаттады.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі