Сайрам ауданында кезекші бөліммен басқарылатын 30-ға тарта бейнебақылау камералары жұмыс істеп тұр

Сайрам ауданы әкімдігінің қолдауымен қылмыстық әрекеттердің алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында, аудандағы ірі жол қиылыстарында аудандық Полиция басқармасының кезекші бөлімімен басқарылатын 29 бейнекамера орнатылған. Аталған бейнебақылау камералары заманауи талаптарға сәйкестендірілген, яғни түнгі түсірілім жасау және 360 градусқа бұрылып, панорамдық түсіру мүмкіндігі бар. Сонымен қатар бейнекамералармен жазылған заң бұзушылықтар жадыда сақталады. Қазіргі таңда осы бейнебақылау камераларының көмегімен әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғалараға қатысты хаттамалар толтырылуда. Бұл өз кезегінде полиция қызметкерлерінің тікелей қатысуынсыз да қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және жол қозғалысы ережелерін сақтауға өз септігін тигізуде. Осы орайда аудан тұрғындарын үнемі жол қозғалысы ережесін сақтауға, қоғамдық орында тәртіпті бұзбауға шақырамыз. Қауіпсіз әрі бейбіт өмірге бірге күш салайық! Әрбір тұрғын заңға сәйкес әрекет етсе, «Қауіпсіз қоғам» орнатамыз. Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Ендеше қылмыссыз қоғам құруға ат салысайық!

ТО ПД баспасөз қызметі