Абай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу болды

Жетісай ауданы аумағында қоғамдық-саяси біртұтастықты сақтау, бірлік пен татулықты насихаттау мақсатында, тұрғындар және ресми, бейресми көшбасшылар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында құрылған ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Абай ауылдық округі, Халықтар достығы елді мекенінде орналасқан №53 «Ю.Гагарин» атындағы жалпы орта мектебінде ауыл тұрғындарымен кездесті.

Кездесуге Жетісай ауданы прокуратурасының прокуроры Н.Аштархан, Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы Б.Абілдаев, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Жетісай аудандық филиалының басшысы Д.Мырзамуратов, Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселерін зерттеу орталығы» КММ-нің дінтанушы маманы Д.Аманов, учаскелік полиция қызметкерлері, ауыл тұрғындары мен мектеп мұғалімдері қатысты.

Кездесу барысында ұлтаралық татулық пен келісім, қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу және мемлекеттік бағдарламалар кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ алаяқтық қылмыстар, мал ұрлығы, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтар, пробация бақылауында тұрған азаматтарға қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары орамды ойлары мен пайымды пікірлерін ортаға салып, күн тәртібінде тұрған мәселелер кеңінен талқыланып, пікірлері тыңдалып, ақпараттық-насихаттық топ мүшелерінен толыққанды жауап алды.