«Адалдық сағаттары» өткізілді

Қазіргі біздің қоғамдағы  өзекті тақырыптардың бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес. Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті. Сыбайлас жемқорлықты жүгендеуге қоғам болып ат салысуымз қажет.  Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда көптеген әр түрлі  шаралар ұйымдастырылып жүзеге асырылып жатыр. Елімізде сыбайластық жемқорлыққа қарсы күресу, алдын алу шаралары заманауи әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланысты жоспарлы түрде қажеттілігіне көз жеткізілді. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Іс-қимыл агенттігінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет» Шымкент қаласы бойынша департаментінің 2022жылғы 18тамыздағы №1-3/3556 хатына және Шымкент қаласы білім басқармасының 2022 жыл 01қыркүектегі №1171 хатына сәйкес бүгін мектебіміздің 5-11 сыныптарында «Адалдық сағаттары» өткізілді. Адалдық сағаттары арнайы әзірленген бейнероликтерді көрсете отырып, мынадай тақырыптарда тәрбие сағаттары өтілді:

«Біздің таңдауымыз-жемқорлықсыз болашақ»

«Қоғамның індеті-сыбайлас жемқорлық»

«Жемқорлық індет-жою бәрімізге міндет»

«Жастар сыбайлас -жемқорлыққа қарсы!»

«Болашағың өз қолыңда!»

«Қоғамның індеті-сыбайлас жемқорлық»

«Жемқорлық індет-жою бәрімізге міндет»

«Адал ұрпақ — мәңгілік елдің кепілі»

«Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ»

«Адал еңбегің — сенің жемісің!»

«Пайда көздеген жалғанның құлы»

«Арам мен адал, обал мен сауап – ұлтымыздың ұстанымы»

«Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек»

«Адал ұрпақ — мәңгілік елдің кепілі»

Өскелең ұрпаққа адалдық және парасаттылық құндылықтары, сыбайлас жемқорлықтың теріс салдарлары, олардың алдын алу бойынша еліміздің жеткен жетістіктері кеңінен түсіндіру жұмыстары, 5-11 сынып оқушылары арасында жүргізілді.