Адалдық сағаты өтті

Қазіргі біздің қоғамдағы  өзекті тақырыптардың бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес. Сыбайлас жемқорлықты жүгендеуге қоғам болып ат салысуымз қажет.  Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда көптеген әр түрлі  шаралар ұйымдастырылып жүзеге асырылып жатыр. Елімізде сыбайластық жемқорлыққа қарсы күресу, алдын алу шаралары заманауи әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланысты жоспарлы түрде қажеттілігіне көз жеткізілді. Жемқорлық-мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының сапасын арттырудың маңызы зор. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылып келеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы “ Адалдық сағаты” ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы Іс қимыл агенттігінің ““Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет” Шымкент қаласы бойынша департаментінің 2022 жылғы 18 тамыздағы N1-3/3556 Хатына сәйкес Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта мектепте “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет” 5-11 сыныптар арасында тәрбие жұмыстары өтті. 5 сынып жетекшілері “Біздің таңдауымыз — жемқорлықсыз болашақ”, “Қоғамның індеті — сыбайлас жемқорлық” атты тақырыпта, 6 сынып жетекшілері “ Жемқорлық індет — жою бәрімізге міндет”, “ Жастар сыбайлас — жемқорлыққа қарсы!” атты тақырыпта , 7 сынып жетекшілері “ Болашағың өз қолында”, “ Қоғамның індет — сыбайлас жемқорлық” атты тақырыпта, 8 сынып жетекшілері “Жемқорлық індет — жою бәрімізге міндет”,

“Адал ұрпақ -мәңгілік елдің кепілі” атты тақырыпта, 9 сынып жетекшілері “Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ”, Адал еңбегің — сенің жемісің” атты тақырыпта, 10 сынып жетекшілері “Пайда көздеген жалғанның құлы” , “Арам мен адал, обал мен сауап — ұлтымыздың ұстанымы”атты тақырыпта, 11 сынып жетекшілері “Мемлекеттік қызмет — елдің мүддесіне адал еңбек” , “ Адал ұрпақ -мәңгілік елдің кепілі” атты тақыпта адалдық сағаты өтті.

Адалдық сағатының мақсаты: адалдық, шыншылдық қасиеттерін қалыптастыру, мейірімділікке тәрбиелеу, ақылдылықты, қарапайым-кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үйрету.