Азаматтардың сенімі жоғары

Қазақстанда өткен кезектен тыс Президент сайлауы әділ және ашық өтті деп санаймын. Заңға сәйкес барлық үміткерлерге тең мүмкіндіктер берілді.

Олар аймақтарға еркін барып, сайлаушылармен кездесіп, үгіт жүргізді. Ешкімге шектеулер болған жоқ. Әр сайлаушыға таңдау еркіндігі берілді. Бюллетеньдерде алғаш рет «бәріне қарсы» бағаны пайда болды. Дауыс беру барысын қоғамдық бақылау үшін халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден 600-ден астам бақылаушы тартылды.

Біз бүкіл отбасымызбен Ордабасы ауданы Қайнар ауылындағы Мұхтар Әуезов атындағы мектепте сайлау учаскесінде дауыс бердік. Сайлаушылардың саны көп болды. Бұл қазақстандықтардың елдің болашағына бей-жай қарамайтындығын көрсетеді. Адамдар жақсы көңіл күйде болды. Өйткені, олар отбасының және елдің болашағы үшін дауыс берді. Біздің халқымыз республиканың алдағы жеті жылға арналған даму векторын анықтады.

Бақтияр ТАҒАЕВ,
«Александровский сад» ЖШС директоры