Азаматтардың құқықтық сауаттылығы

Қоғамда күнделікті өмірде түрлі жағдайлар туындап жатады. Кез келген жағдайда азаматтар өз құқықтарын білу керек. Қараша айының 24 күні Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде « Қалың қалай бастауыш» атты Түркістан қаласы, Сауран ауданына қарасты мектептердің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен кәсіподақ белсенділері ,қатысқан акция өтті.Акцияны Түркістан облыстық кәсіподақ төрағасы Жандос Шайдулла ашып берді. Акция мақсаты бастауыш кәсіподақ ұйымдарындағы мәселелерді Заң тұрғысында шешу жолдарын түсіндіре отырып, пікір сайыс арқылы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларына тиімді жол табуына ұжымдағы түсініспеу арқылы туындайтын дау-жанжалдың алдын алу,болдырмау жолдарын анықтап беру жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы қарым-қатынастың заңдылықтарын ҚР «Еңбек кодексіне» суйене отырып шешу.Заң талаптарын қатаң сақтау,Заңды сауатты үйрету бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларының басты міндеті,екенін Түркістан облыстық кәсіподақ төрағасы Жандос Шайдулла дәлелді пікірлерімен жеткізді.Сағат жүктемелерін болуде,мектеп әкімшілігіне берілетін қосымша сағаттардың бөлінуі туралы Хамза мектебінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Исмаилов Бахадир электронды экран арқылы жете түсіндіріп,әдіс алмасты.Әғни мектеп өмірінде күнделікті кездесетін мәселені өз тәжірибесі арқылы түсіндіріп өтті.Кәсіподақ белсенділеріне акция ұйымдастыру,кәсіподақтың бүгінгі таңдағы өзекті мәселе екенін,бұл акция Кентау қаласында жалғасатынын Жандос Шайдулла тілге тиек етті.Жұмысының хал-ахуалын,әлеуметтік жағдайын жақсартуда, Заң негіздерін насихаттап,түсіндіруде кәсіподақтың алда атқарар жұмыстары әліде көп.Акцияға жиылған белсенділер өз ойларын ортаға салып,берері мол жиындар өте берсін деген жылы ілтипатпен қоштасты.