Азаматтарды баспанамен қамтудың басым бастамалары айтылды

Бүгін 3 қыркүйек күні Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының басшысы Азамат Рысжанов “Отырар” телеарнасындағы “Halyq & Bilik” тікелей эфирінде Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауындағы тұрғын үй мәселесіне қатысты міндеттер тәртібін насихаттады.Стратегиялық дамуды айқындайтын Жолдаудың бесінші бағытында тұрғын үй азаматтар үшін – қашанда басты мәселе екендігі айтылған болатын. Сонымен қатар «Баспана хит» және «7-20-25» сияқты тұрғын үй бағдарламаларының мерзімі таяу арада аяқталады. Осыған орай, бірыңғай тұрғын үй бағдарламасы әзірленбек. Ұлттық даму институтына айналатын «Отбасы банкі» оның әкімшісі болып белгіленеді. Банк алдында «бір терезе қағидаты» бойынша есеп жүргізіп, азаматтарға тұрғын үй бөлу міндеті тұр. Сонымен қатар, нарықтық ипотека ставкасын азаматтарға қолжетімді ету тапсырылды. Бұл тұрғындардың армандаған өз баспаналарына қол жеткізуге едәуір жол ашпақСонымен қатар Жолдауда айқындалғандай азаматтардың зейнетақы жинағының жеткілікті мөлшерінің шегінен асатын бөлігін тұрғын-үй сатып алу мақсатында пайдалана алуы еліміздегі баспана мәселесінің шешілуіне оң ықпалын тигізері сөзсіз екендігін жеткізді.Бұдан бөлек басқарма басшысы тікелей эфир барысында тұрғын үй мәселесіне қатысты тұрғындарды толғандырған сұрақтарға жауаптар берді.Айта кету керек, қазіргі таңда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар «Нұрлы жер» бағдарламасының несиелік бағыттағы «Бақытты отбасы 2-10-20» «5-10-20: Шаңырақ», «5-20-25»бағыттары бойынша «Отбасы банк» арқылы және атында мүлік тіркелмеген барлық ҚР азаматтары екінші деңгейлі банктер арқылы «7-20-25» бағыты бойынша баспаналы болу мүмкіндігі бар.Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67,74 баптарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорында кезекте тұрған азаматтарға тұрғын үй белгіленген тәртіппен және кезекпен берілетіндігін түсіндіріп өтті.

Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасы