Айрықша даталар қарсанында ұрпақтардың сабақтастығы

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара өтті деп хабарлайды Шымкент қаласының ТЖД баспасөз қызметі.

Екі мереке ұрпақтар сабақтастығын растай отырып, бірінен соң бірі өтеді. Салтанат Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды. ТЖ департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Мадияр Жақсыбаев құттықтау сөз сөйледі. Ол ТЖ департаментінің соғыс ардагерлері бүгінгі күнге дейін жетпегенін, бірақ олардың жеңіске қосқан үлесі баға жетпес және жас ұрпақ олардың ерліктерін ешқашан ұмытпайтынын атап өтті. Метроном дыбысымен барлық қатысушылар қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Азаматтық қорғау органдары ардагерлерінің салтанатты жиналысында Шымкент қаласы ТЖ департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы Рашид Гарипович Айвазов Ауған соғысына, 1994 жылғы Тәжік-Ауған соғысына қатысушыларға, Чернобыль АЭС-індегі аварияны жоюға қатысушыларға естелік медальдарын табыстады. Салтанатты шара барысында азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің қызметін насихаттауға өз үлестерін қосып жүрген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де атап өтілді. «ҚР Азаматтық қорғау органдарына 25 жыл» мерейтойлық медалімен «Уақыт талабы» республикалық газетінің бас редакторы Жібек Жайлыбаева марапатталды. ТЖ департаментінің қызметкерлері ҚР ТЖ Министрінің, Шымкент қаласы әкімінің және Департамент бастығының атынан медальдармен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды. Қорытынды сөзінде департамент бастығы Мадияр Жақсыбаев болашақ ұрпақтың тыныштығы үшін батыл күрескендердің ерлігі мен ержүректілігі ешқашан ұмытылмайтынын атап өтті. Бейбітшілік пен игілік үшін қызмет ететіндерге ізет пен құрмет.