Алкогольден бас тарту — денсаулықты сақтаудың ең тиімді жолы.
Алкогольді тұрақты қолдану тәуелділікке әкеліп, бауыр, жүрек-қантамыр жүйесі, ми және басқа мүшелердің қызметіне зиян келтіреді.
Алдын алу жолдары:
- алкогольді ішімдіктерді қолданбау;
- бос уақытты спортпен және пайдалы істермен өткізу;
- күйзелісті алкогольсіз әдістермен жеңу;
- алкоголь ұсынатын ортадан аулақ болу;
- отбасы мен жақындардың қолдауын пайдалану;
- тәуелділік белгілері байқалса, дәрігерге немесе психологқа ерте жүгіну.
Есіңізде болсын: алкогольсіз өмір — дені сау отбасы, жарқын болашақ!
#Заңментәртіп
