Жамбылда жасөспірімдерге алкоголь сатқан дүкен иесі жауапқа тартылды

Өткен демалыс күндері жамбылдық полицейлер дүкендер мен кафе-барлардың иелерін жауапқа тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жасөспірімдер қылмысының алдын алу және ескерту мақсатында өткен демалыс күндері кезекті профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстарды болдырмауға және жасөспірімдерді құқыққа қайшы ортаға тартуға қарсы жұмыстарға басты назар аударды. Тұрғын үйден тыс жерде болған 75 кәмелетке толмаған және түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болған бес кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды, олардың үшеуі кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.

Барлық ата-аналарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 1 және 2-бөліктері бойынша әкімшілік іс қозғалды, кафе-барлардың иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы бойынша хаттамалар толтырылды. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда мас күйінде болған үш кәмелетке толмаған баланың ұсталғанын атап өтті.

Осы бұзушылық үшін жасөспірімдердің заңды өкілдеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Дүкендердің үш иесі 21 жасқа толмаған адамдарға алкоголь өнімдерін сатқаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Демалыс күндері полиция қызметкерлері 191 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Бес жасөспірім және 12 қолайсыз отбасы олармен профилактикалық жұмыс жүргізу үшін бақылауға алынды.