Алматыда қысқы жаңа жылдық фестиваль басталды

Алматы тұрғындары мен қонақтары үшін қаланың барлық аудандарын қамтитын Қысқы жаңа жылдық фестиваль аясында ауқымды шоу-бағдарлама әзірленді. 2023 жылдың 21-31 желтоқсаны аралығында танымал әртістер, DJ-лер мен live-бэндтер күн сайын сахналарда өнер көрсетеді. Ал, ең кішкентай қонақтар үшін «Шыршаны әсемде», «Крестики- нолики», «Қар бекінісі», «Серсо» ойындары, түрлі шеберлік-сыныптар және аниматорлармен интерактивтер сынды қызықты жарыстар мен конкурстар қарастырылған. Фестиваль бағдарламасына жаңа жылдық қойылымдар, ұтыс ойындары, байқаулар, караоке, қалалық мейрамханалар мен кафелердің гастро-жәрмеңкесі кіреді.

Сонымен, Абай алаңында күн сайын сағат 16:00-ден 21:00-ге дейін Nazima, Мирас Жүгінісов, MDee, Abdr, Ayau, Dequine Yenlik, DJSlimKZ, Grow kids театры, Galam live-тобы және Ava band өнер көрсетеді.

Астана алаңында күн сайын сағат 19:00-ден 21:00-ге дейін Еркеш Хасен, Али Окапов, Ayree, D-band, Mercury band, Ademi, Elizat, IL Canto квартеті және «КешYou» тобы сынды танымал әртістер өнер көрсетеді. Диджейлік пультті жүзден астам ремикс, трек және мэшап авторы, еліміздегі танымал диджейлерінің бірі – DJ AKHMETOFF басқарады.

Айта кетерлігі, 27-31 желтоқсан аралығында қала аудандарының әрқайсысында Жаңа жылдық фестиваль аясында концерттер ұйымдастырылады. Мекен жайы: Алатау ауданы – «Алматы Арена» мұз айдынының алдындағы алаң, Әуезов ауданы – Н. Сац атындағы жасөспірімдер театры алдындағы алаң, Бостандық ауданы – «Атакент» КК, Жетісу ауданы – Айнабұлақтағы «Арбат», Түрксіб ауданы – Сейфуллин даңғылындағы №6 оқушылар үйі, Наурызбай ауданы –Шұғыла ш/а, 347.

Көрсетілген алаңдарда күн сайын сағат 18:00-ден 20:00-ге дейін мегаполис тұрғындары мен қонақтары үшін Кенжебек Жанәбілов, Мөлдір Әуелбекова, Өмірқұл Айниязов, Әлішер Қонысбаев, Райым Уайс, Абай Бегей, Асхат Тарғын, Altair & Abbi, Нұрмұхаммед Жақып, Мұхтар Ханзада, Нұрсұлтан Нұрбердиев, Ақбота-Нұр, Жандос Қаржаубай, Жігер Ауыпбаев, Серік Ибрагимов, Алтынбек Тәшімбетов және басқа да әртістер өнер көрсетеді. Фестиваль бағдарламасында Аяз Ата мен Ақша қардың, сиқыршылар мен аниматорлардың қатысуымен жарқын қойылымдар болады.

Концерт ұйымдастырушылары телефондар, колонкалар, құлаққаптар және т.б. бағалы сыйлықтар ойнатады. Конкурс шарттары мен концерттердің афишалары Алматы қаласы Мәдениет басқармасының Instagram-дағы @almatymadeniet ресми аккаунтында жарияланатын болады. 

Алматы қаласының мәдениет басқармасы