Алматыда SHOESSTAR-Asia 17-ші халықаралық аяқ киім көрмесі өтті

Алматыда

13-15 наурызда Алматыда SHOESSTAR-Asia 17-ші халықаралық аяқ киім және былғары бұйымдар көрмесі өтті. Көрменің мақсаты – бөлшек саудагерлер мен көтерме саудагерлерге іскерлік келіссөздер мен кездесулер жүргізуге, сондай-ақ белгілі бір өндірушілердің өнімдерінің ассортиментін тікелей қарауға мүмкіндік беру. Көрмеге Бірыңғай оператор жүйеде жұмыс істейтін немесе жұмыс істей бастаған кәсіпкерлерге таңбалау және қадағалау жүйесінің жұмысын түсіндіру үшін қатысты.

Көрмеге Қытай, Ресей, Өзбекстан және Еуропа елдерінен аяқ киім өндірушілері қатысты. Көрмеге қатысушылар Бірыңғай оператор өкілдерінен аяқ киім өнімдерін таңбалау және қадағалау тақырыбы бойынша жеке кеңестер ала алды. Жеке консультациялар барысында таңбалау жүйесінің жұмысына қатысты ұсыныстар мен ескертулер алынды. Қатысушыларға жүйенің жұмысы, сонымен қатар оның барлық мүмкіндіктері көрсетілді, атап айтқанда: таңбалау кодтарына тапсырыс беру, басып шығару, қолдану, жүйедегі актілерді беру және тауарларды айналымнан шығару.

Көрме аясында «Қазақстан Республикасындағы аяқ киімді таңбалау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді, онда аяқ киім өнімдерін таңбалау және қадағалау жүйесі талқыланып, ақпараттық жүйенің функционалдығы көрсетілді.

Сонымен қатар, көрмеде аяқ киім өнімдерін таңбалау және қадағалау жүйесінде жұмыс істейтін 30-дан астам қатысушыларға кеңес берілді. Көрмеге қатысу нәтижесінде аяқ киім қоймалары мен кәсіпорындарында жүйенің жұмысы туралы егжей-тегжейлі ақпаратты алуға тілек білдірген аяқ киім кәсіпкерлерімен бірқатар жеке кездесулер мен сапарлар жоспарланды.

Естеріңізге сала кетейік, аяқ киім өнімдерін цифрлық таңбалау және қадағалау нарықтағы көлеңкелі айналымның жоғары үлесіне байланысты 2021 жылдың 1 қарашасынан бастап енгізілген болатын. Ресми мәлімет бойынша, аяқ киім саудасындағы көлеңкелі экономика деңгейі 48 пайызды құрайды.