Алғыс хатымен марапатталды

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде жол-көлік оқиғасынан кейін аударылып, өртеніп кеткен жүк Газель автокөлігін сөндірген жас жігіт марапатталды. Нұрбек Мұсаұлы Әділбек сауатты, кәсіби іс-әрекеті үшін, өртті сөндіру кезінде көрсеткен батылдығы мен ержүректігі үшін Шымкент қаласы ТЖ департаментінің алғыс хатымен марапатталды.Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Аманбек Бейсембаев батырға алғыс хат табыстап, Нұрбекке азаматтық ұстанымы үшін алғысын білдірді. Еске сала кетейік, 2021 жылдың 11 қыркүйегінде 8 сағат 57 минутта №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің «101» пультіне Бозарық елді мекенінде автокөліктің жануы туралы ақпарат келіп түсті.№1 МӨСБ мамандары құрамында 13 адам және 2 бірлік техникасы бар оқиға орнына 9 минут ішінде жетіп келіп, Шымкент-Шолаққорған тас жолында екі көліктің соқтығысқанын анықтады. Нәтижесінде Газель жүк көлігі аударылып, кабинаның және қозғалтқыш бөлігінің жануы орын алды.Өтіп бара жатқан «Автобетонный насос Слон» автокөлігінің жүргізушісі еш ойланбастан жалынға оранған көлікті сөндіруге асықты. Бақытымызға орай, оның көлігінде 500 литр су болды.Жүргізушінің батыл және жедел әрекеттерінің арқасында өртті дер кезінде сөндіріп, Газельдерге орнатылған екі газ баллонының жарылуына жол берілмеді. Ал №1 МӨСБ мамандары «Бетон Әлем»ЖШС жұмыс істейтін жүргізуші-оператордың кәсіби іс-әрекеттерін атап өтті. Шымкент қаласының ТЖД автокөліктердегі қауіпсіздік ережелерін еске салады: — техникалық байқауды уақтылы және сапалы жүргізіңіз;- автомобиль салонында темекі шекпеңіз;- өрт сөндірушілер келгенге дейін өзіңізді және басқа адамдарды құтқару үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысыңыз;- қол астында сыйымдылығы 2 литрден кем емес өрт сөндіргіш болуы тиіс; — өрт белгілері немесе оны анықтаған кезде «101» немесе «112» нөмірі бойынша хабарлаңыз.

Шымкент қ.ТЖД қоғаммен байланыс тобы