Ардагерлер үйінде құқықтық консультациялық кездесу өтті

Түркістан облысының Әділет департаментінің ұйымдастыруымен мемлекет кепілдік берген заң көмегін түсіндіру және халықтың құқықтық деңгейін арттыру мақсатында Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ардагерлер үйінде кездесу өтті.

Аталған шарада әділет органдарының қызметкерлері, адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылар,заң консультанттары қариялардың мәселелерін тыңдап, олардың Заң аясында шешілу жолдарын қарастырды.Сонымен қатар азаматтарға кепілдендірілген мемлекеттік заң көмегі және азаматтарға кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету – әділет органдарының маңызды бағыттарының бірі екендігі түсіндіріліп өтті. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы азаматтық, әкімшілік және қылмыстық процестер шеңберінде білікті заң көмегін алуға ажырамас құқыққа ие. Осы орайда мемлекет Қазақстан азаматтарына әділдік пен заң алдындағы теңдік қағидаттары негізінде бұл қолдауға кепілдік беретіндігін атап өтті.