Ардагерлер ұлықталды

Аудан әкімі Арман Сәбитов 1 қазан — халықаралық Қарттар күніне орай ардагерлерді мерекелерімен құттықтады. «Қарттарым — асыл қазынам» атты мерекелік іс-шарада аудан басшысы ыстық ықыласын жеткізді.

— Сіздерді БҰҰ Бас Ассамблеясы қарттар күні деп жариялаған, бүгінгі мейірім мен ізгілік мерекесімен шын жүректен құт­тықтаймын. Бүгін біз қарттарымызға құрмет көр­сетіп, құттықтаумен бірге, ардагерлерімізге жан-жақты қолдау мен ыстық ықыласқа толы алғыс сезімін білдіреміз, яғни олар өздеріне деген шынайы қамқорлықты сезінуі қажет— деді аудан әкімі.

Бүгінде қалада 18 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Оның ішінде 2 ұлы Отан соғысы ардагері мен 442 тыл еңбеккері бар. Ақсақалдарға барынша қолдау көрсетіліп, өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында тиісті жұмыстар жүргізіліп отыр.

Мерекелік іс-шарада елдің дамуына сүбелі үлес қосқан ардагерлер Сайрам ауданы әкімінің Алғыс хаттармен марапатталды.

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі