Арыста халықаралық зағиптар күні аталып өтті

Арыс қаласында 13 қараша – Халықаралық зағиптар күніне орай мерекелік іс-шара болып өтті. Арыс қаласы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ның және қалалық мәдениет бөлімінің ұйымдастыруымен «Тең қоғам» әлеуметтік орталығында музыкалық, мәдени іс-шара ұйымдастырылды. Кездесуде сөз сөйлеген қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаев зағип және нашар көретін азаматтар қоғам назарынан ешқашан шет қалмайтыны жеткізіп, әрқашанда тиісті заңдылықтар аясында қолдау көрсету бағытында жұмыстар атқарылатынын атап өтті.Шарада Арыс қалалық зағиптар қоғамының төрағасы Серік Құдайқұлов сөз сөйлеп, осындай игі іс-шараға мұрындық болған қала әкімі Г.Құрманбековаға алғысын білдірді.Қала өнерпаздарының концерттік бағдарламасына жалғасқан шара барысында қаламыздың қоғамдық өміріне белсене араласып жүрген азаматтарымыз қала әкімінің арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі