Полиция Түркістан облысындағы кәсіпорын жұмысшысының жарақат алу мен қаза болу себептерін анықтау үшін тергеуді бастады

13 қарашада Түлкібас аудандық полиция бөліміне «Sas-Tobe Technologies» ЖШС цехында өрт шыққандығы туралы хабарлама келіп түсті, өрт салдарынан 3 жұмысшыны түрлі дәрежедегі күйік шалған. Зардап шеккендердің бірі, Түлкібас ауданының тұрғыны, ол алған дене жарақатынан есін жоғалтып, ауруханада қайтыс болды.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 156-бабы 3-бөлігі «еңбекті қорғау ережелерін бұзу»бойынша тіркелген. Қылмыстық іс аясында бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Болған оқиғаның барлық мәнжайы анықталуда. Аталған факті бойынша тергеу Түркістан облысы ПД басшылығының бақылауында. СНХ: Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Асылжан Оспанұлы Қалдарбеков

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі