Арыс аудандық сотының үкімімен есірткі затын өткізген азамат сотталды

Сотталушы Н.А. 2021 жылғы 15 қыркүйек күні сағат 13:50 шамасында Арыс қаласы, Ақымбеков көшесінің бойында орналасқан «Құралай» тойханасының маңында танысымен жолығып, өзімен бірге ала келген есірткі затын 12 000 теңгеге сатып өткізген. 2021 жылғы 8 қарашада Арыс ауданы прокурорының орынбасары мен сотталушының арасында ҚК-нің 297-бабының екінші бөлігімен тағылған айып бойынша кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісім жасалған. Кінәні мойындау туралы процестік келісімде сотталушы ҚК-нің 297-бабының бірінші бөлігімен мүлкін тәркілеусіз, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауға, процестік шығындар мен жәбірленушілерге өтемақы қорына мәжбүрлі төлемді өндіруге келіскен. Кінәні мойындау туралы процестік келісім жасасу кезінде бұзушылықтарға жол берілмеген және басты сот талқылауында сотталушы да өзінің кінәсін толық мойындады.Сотталушы Қазақстан Республикасының ҚК-нің 297-бабы бірінші бөлігімен айыпты деп танылып, оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Аталған үкім заңды күшіне енді.

Арыс аудандық соты