Асханалардағы санитарлық талаптарды сақтау

Бала сырттан уланып келсе де таяқ жейтін мектеп асханасындағылар.Сондықтан білім ұяларының алдындағы қаптаған дүкендер мен тамақтану орындарына да талап күшейтілсе. Түркістан қалалық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұйымдастыруымен өткен семинарда кәсіпкерлер осындай бастама көтерді. «Астан улану мен тұмаудың алдын-алу» тақырыбымен өткен жиында өткір респираторлық вирустық инфекциядан қорғану және мектеп асханаларындағы санитарлық талаптарды сақтау жақтары түсіндірілді.

Семинарда қоғамдық тамақтану орындары мен мектеп асханаларындағы санитарлық талаптар. Оларға қойлатын негізгі мақсаттар мен міндеттер түсіндірілді. Азық-түлік пен тез бұзылатын тағамдарды қандай жағдайда сақтау керектігі айтылды.Дей тұрғанмен мектеп асханасындағылар талап бәріне бірдей қойылса деген ұсыныстарын жеткізді. Өйткені ойын баласы үзіліс кезінде не жолай басқа дүкендер мен тамақтану орындарынан ас алып жеп,уланып келуі әбден мүмкін.Соңында білім ұясы мен мектеп асханасындағылар кінәлі болып шығады.Сондықтан талап бәріне бірдей қойылса,дейді кәсіпкерлер.

Санитар дәрігерлер семинарда кәсіпкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.Олардың ұсыныс-тілектеріне құлақ асты. Негізі білім ұяларындағы асханалар мен қоғамдық тамақтану орындары дүкендерге қарағанда маңыздылығы жоғары нысандар санатына жатады екен. Сондықтан да тамақтану орындарына қойлатын талап та жоғары, дейді мамандар.

Күзде өткір респираторлық вирустық инфекцияның маусымы басталатыны белгілі.Сондықтан оның алдын-алсақ тұмаудың таралуына жол бермеуге болады,дейді мамандар. Жыл басынан бері Түркістан қаласында жоғарғы тыныс жолдарының қабыну аурулары бойынша 265 жағдайы тіркелген. Оның 133-і 14 жасқа дейінгі балалар еншінде екен.Жалпы алғанда Түркістан қаласында жоғарғы тыныс жолдарының қабыну аурулары бойынша эпидемиологиялық жағдай қалыпты, дейді санитар дәрігерлер.Ал, биыл 28 845 адамға тұмауға қарсы екпе жасау жоспарланған екен.Оның 3800-і медицина қызметкерлері мен 1245-і жүкті әйелдер.