Атқарушылық өндірістерін қозғау барысындағы   маңызды мәселелер талқыланды

Бүгін Түркістан облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары Балжан Алипбектің төрайымдылығымен «Мемлекет мүдесі және алимент өндіру туралы атқару құжаттарының заңдылығын және тиімділігін арттыру, борышкердің жауапкершілік мәселесі, мемлекеттік және жеке сот орындаушылардың іс-әрекетіне қатысты түсетін талап- арызды азайту шаралары, атқарушылық өндірістерін қозғау барысындағы мәселелер» тақырыбында  дөңгелек үстел өтті, деп жазады ntime.kz ақпараттық агенттігі Түркістан облысының Әділет департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған шараға Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық   әкімшілік сотының төрағасы,  Түркістан облысының прокуратурасының өкілі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Түркістан облысы бойынша басқармасының өкілі, Түркістан облысының Полиция департаментінің өкілі,  Түркістан облысының жеке сот орындаушыларының Өңірлік палатасының басшы және жеке сот орындаушылары мен мемлекеттік сот орындаушылары, атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Департамент басшысының орынбасары Балжан Мадиқызы жиналысты кіріспе сөзімен ашып, күн тәртібіндегі мәселенің өзектілігін атап өтіп, баяндама  жасау үшін департаменттің атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімінің басшы м.а Ж.Токсабаевқа сөз берді.Мемлекет кірісіне сомаларды өндіріп алу бойынша мемлекеттік және жеке сот орындаушылармен сот актілерін орындау тиімділігін арттыру бойынша Қазақстан Республикасының Әділет министірінің тапсырмасына сәйкес мемлекет кірісіне сомаларды өндіріп алу  бойынша мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының атқару құжаттарын орындау тиімділігін арттыру мақсатында  өткізілген мемлекет мүддесі және алимент өндіру туралы атқару құжаттарының орындалу заңдылығы және жылдар бойы негізсіз созбалаңдыққа салынған атқару құжаттарын азайту, сондай-ақ алимент берешек қарызын өндіру бағытында қойылған міндеттерді белгілеу туралы отырысының хаттамасы негізінде Түркістан облысы Әділет департаментімен тамыз айында жұмыс тобы құрылып, жұмыстар жүргізілуде.

Сондай ақ өзекті мәселердің бірі сот орындаушылардың іс әрекеттеріне түсетін арыз-шағымдарға талдау жасау, азайтудың жолдары қарастырылды.Қазіргі таңда Департаментке  мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының іс әрекеттеріне қатысты түсетін қанағаттандырылмаған арыз-шағымдар бойынша барынша тыңдаулар өткізілуде.Сонымен қатар арыздар бойынша азаматтармен жеке қабылдаулар өткізіп, түсіндірме жұмыстарын одан әрі жандандыру ұсынылды.