Аудан әкімі Алмалы ауылдық округіне жұмыс барысымен барды

Бүгін аудан әкімі Нариман Мақұлбеков Алмалы ауылдық округіне қарасты елді мекендерді аралады.Аралау барысында Алмалы ауылдық округінің әкімі Әбілқасым Мәмбетов ауыл тұрғындарының бірнеше ұсыныстарын жеткізді. Оның ішінде көше жарығына, ауылішілік жолдарына, ауылға кіре беріс жерге иірім қоюына және төлқұжатты жаңа форматта жасауына байланысты ауыл тұрғындарының ұсыныстарын жеткізді. Аудан әкімі аталған мәселелер алдағы уақытта кезең-кезеңімен шешімін табатынын жеткізді. Аралау соңында аудан әкімі Нариман Мақұлбеков тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі