Ауыл оқушыларына арналған «Мың бала»

2 және 3 сәуірде бүкіл ел аумағында ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» Ұлттық Олимпиаданың бірінші кезеңі өтеді деп хабарлайды elumiti.kz.

Олимпиада жеңімпаздары дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер мен Елбасы Академиясының Birge oqý онлайн-мектебінде оқуға мүмкіндік алады.

Естеріңізге сала кетейік, олимпиадаға Қазақстандағы ауыл мектептерінде соңғы екі оқу жылында білім алып жатқан 5 және 6-сынып оқушылары қатысады.

«Мың бала» Олимпиадасы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең логикалық және кеңістіктік ойлауды бағалайды. Тестілеу 1000bala.elbasyacademy.kz сайтында онлайн-форматта өтеді.  Өңірлер қимасында ең жоғары қорытынды балл жинаған бес мың оқушы олимпиаданың екінші кезеңіне жолдама алады.

Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталады. Оларға еліміздің дарынды балаларға арналған жетекші мектептерінде: «Білім-Инновация» лицейлерінде, Республикалық физика-математика мектебінде және «Дарын» мамандандырылған мектептерінде оқуға мүмкіндік беріледі.

Олимпиада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі «El Úmiti» бастамасы аясында ұйымдастырылған. Олимпиаданы «Елбасы Академиясы» КҚ  ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп ұйымдастырды.

Тіркелген қатысушылар үшін маңызды ақпарат:

  • Тестілеуді 2 және 3 сәуірде Нұр-Сұлтан қ. уақытымен 09:00-ден 21:00-ге дейін өтуге болады;
  • Тесті бастамас бұрын логин мен құпиясөз бар екеніне көз жеткізіңіз. Логин — тіркелу кезінде көрсеткен телефон нөмірі, ал құпия сөз — тіркелу кезінде өзіңіз көрсеткен сөз.
  • Тест алдында құрылғы (смартфон, планшет, компьютер) тұрақты интернетке қосылғанын анықтаңыз. Олимпиаданы ұйымдастырушылар интернет-байланыстың сапасы мен құрылғылардың жарамдылығы үшін жауап бермейді. Тестілеу кезінде интернет байланыс үзілген жағдайда тестілеу аяқталады;
  • Сұрақтарға мұқият жауап беруді сұраймыз. Себебі алдыңғы сұраққа қайта оралуға және қандай да бір өзгерістер енгізуге мүмкіндік болмайды;
  • Қандай да бір санатқа жататын қатысушылар үшін артықшылықтар көзделмегеніне назар аударамыз. Қайта тапсыруға немесе апелляция беруге болмайды.
  • Тест нәтижелері тестілеу аяқталған сәттен бастап 14 күнтізбелік күн ішінде жарияланады.

Начинается первый этап Национальной олимпиады для сельских школьников «Мың бала»

В эти дни, 2 и 3 апреля, по всей стране пройдет первый этап Национальной олимпиады для сельских школьников «Мың бала» передает elumiti.kz.

Победители олимпиады получат возможность обучаться в специализированных школах для одарённых детей и в онлайн-школе Birge oqý Академии Елбасы.

Напомним, что в олимпиаде принимают участие ученики 5-х и 6-х классов, обучающиеся последние два учебных года в сельских школах Казахстана.

Олимпиада «Мың бала» состоит из двух этапов. Первый этап включает в себя оценку логического и пространственного мышления. Тестирование проводится в онлайн-формате на сайте 1000bala.elbasyacademy.kz. Пять тысяч учащихся, набравших наивысший итоговый балл в разрезе регионов, переходят на второй этап олимпиады.

По итогам второго этапа будут определены победители. Они получат возможность обучаться в ведущих школах страны для одарённых детей: лицеях «Білім-Инновация», Республиканской физико-математической школе и специализированных школах «Дарын».

Олимпиада проводится в рамках инициативы Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы «El Úmiti» по выявлению и поддержке талантливой молодёжи. Организаторы олимпиады: Академия Елбасы совместно с Министерством образования и науки РК.

Важная информация для зарегистрированных участников:

  • Тестирование можно пройти 2 и 3 апреля с 09:00 до 21: 00 по времени г. Нур-Султан;
  • Убедитесь, что у вас есть логин и пароль, прежде чем начать тестирование. Логин-это номер телефона, указанный при регистрации, а пароль Вы указали сами при регистрации.
  • Прежде чем начать тестирование, определите, подключено ли у вас устройство (смартфон, планшет, компьютер) к стабильному интернету. Организаторы Олимпиады не несут ответственности за качество Интернет-связи и исправность устройств. В случае обрыва интернет-соединения во время тестирования тестирование завершается;
  • Просим внимательно отвечать на вопросы. Потому что не будет возможности вернуться к предыдущему вопросу и внести какие-то изменения;
  • Обращаем внимание, что для участников, относящихся к тем или иным категориям, преимущества не предусмотрены. Пересдача или апелляция также не предусмотрены.
  • Результаты тестирования объявляются в течение 14 календарных дней с момента завершения тестирования.