“Ашық есік күні” акциясы аясында азаматтарға құқықтық көмек көрсетілді

Бүгін Түркістан облысының Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Түркістан қаласындағы “Halyqtyq ken’se” фронт офисінде ”Ашық есік күні” өтті.

Аталған шараға Департамент басшысының орынбасары Балжан Алипбек адвокаттармен, сот орындаушылармен, нотариустармен, заң консультанттарымен сондай ақ Департамент қызметкерлерімен бірлесіп, азаматтардың әділет органдарына қатысты сауалдарына жауап беріп, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған шарада 70-ке жуық тұрғынға мемлекет кепілдік берген заң көмегі шеңберінде алимент өндіріп алу, зейнетақы және жәрдемақы тағайындау, оңалтуға қатысты қызметтерді алу бойынша заң көмегі түсіндірілді. Бұдан бөлек әлеуметтік салаларға қатысты жерге кезекке тұру, тұрғын үймен қамтылу, жұмыспен қамтылу және ата-анасынан айырылған балаларға қатысты көрсетілетін құқықтық көмек бойынша тұрғындар сала мамандарына жүгінді.

Азаматтарды толғандырған сауалдарға, Заң аясында толық әрі нақты жауаптар берілді.

Түркістан облысының Әділет департаменті