Ақсукент-2 ауылында сенбілік өтті

Аудан әкімі Уласбек Садибековтің тапсырмасына сәйкес, әкім орынбасары Мадияр Оразалиев және Ақсукент ауылдық округінің әкімі Ә.Бөрібековтердің ұйымдастыруымен Ақсукент-2 ауылына қарасты 53 көпқабатты тұрғын үйдің алаңдары мен балалардың ойын алаңшаларында сенбілік күні өтті. Сенбілікке аудан әкімі аппараты, дербес бөлімдер мен ауыл әкімшілігінің қызметкерлері белсенді қатысты. Көпқабатты үйлерді ретке келтіру мақсатында айналасы сырланып, әктеліп, шөп орылып, ағаштар кесіліп, күл-қоқыстар шығарылды. Осы жұмыстарға 75 литр сыр бояуы, 1 тоннаға жуық әк жұмсалып, қажетті техникалар жұмылдырылды. Аудан әкімі, мәслихат хатшысы, «AMANAT» партиясы аудандық филиалдың Атқарушы хатшысы және мәслихат депутаттары көпқабатты үйлерді жаяу аралап, орталық саябақта жүргізілген жұмыстармен танысты. Сенбілік күні өзге ауылдық округтерінде де жалғасын тапты.

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі