Ақтаудағы кафеде болған жарылыстың алдын ала себебі аталды

Қазіргі уақытта Ақтау қаласының 29 А шағын ауданында жарылыс болған жерде ТЖ департаментінің күшімен және құралдарымен 70 адам және 11 бірлік техника көлемінде авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілуде. Полиця департаментімен 150 адам мен 20 техника жұмылдырылды, оған қоса азаматтық қорғау және энергетика қызметтері де тартылды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімдігінің жанындағы Қоғамдық коммуникациялар орталығы.

         Кинологиялық қызметтің жүргізілген барлау жұмысы бойынша жарылыс орнында зардап шеккендер жоқ екені анықталды. «Шерқала» кешені иесінің айтуынша, барлық жұмысшылар бұл ғимараттан кешкі сағат 18:00-ден 20:00-ге дейін шығып кеткен. Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадыровтың айтуынша, жарылыс газдың ауаға таралуынан болуы мүмкін. Оқиға орнынан екі газ балоны шығарылды.

         — Ғимарат исінің айтуынша, қоқыс астында әрқайсысысы 50 литр болатын тағы екі газ балоны бар. Толығырақ ақпарат авариялық-құтқару жұмыстары жойылғаннан кейін жүргізіледі, — деп хабарлады Маңғыстау облысы ТЖ департаменті бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров.

         Айта кетейік, Маңғыстау облыстық ауруханасының бас дәрігері Жәнібек Ажмұхановтың мәліметінше, жарылысқа байланысты әзірге ешкім хабарласпаған. Жарылыстан кейін сағат 21: 35-те облыс әкімінің басшылығымен жедел штаб құрылды, ол сол жерде құқық қорғау органдары мен азаматтық қорғау қызметтерінің басшыларымен кеңес өткізді.