Базардағы кітапханаға 250-ге жуық оқырман келген

«Базардағы кітапхана» жобасы аясында Түркістандағы «Қуаныш» сауда орталығында өткен апта кітапхана пункті ашылған болатын. Бүгінге дейін 250-ге жуық оқырман кітапханаға келген.

Пункт сейсенбі-жексенбі күндері сағат 9:00-18:00 аралығында оқырман қабылдайды. Бір күнде 70 адамға дейін қызмет көрсетеді. Кітапханада түрлі бағыттағы көркем әдебиеттер мен кәсіпті нығайтуға бағытталған әлемдік бестселлерден құралған 3 мыңға жуық кітап қоры бар.

Сонымен қатар, арнайы қатарлар мен сөрелер орнатылған. Онда келген оқырмандар оқыған кітаптарын сыйға қалдырады немесе басқа кітаптармен алмастырып оқи алады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі