Баспанамен қамту — негізгі басымдықтардың бірі

Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы Ғалымжан Өтенбаев «Nur Otan» партиясы ғимаратында өткен қоғамдық қабылдауда тұрғындарды баспана мәселесі бойынша қабылдау жүргізді.Шара барысында азаматтар тұрғын үй кезегіне тұрудың талап-шарттарына, тұрғын үй кезегінің жылжуына қатысты сауалдары бойынша жүгінді. Сонымен қатар тұрғын үй кезегіне тіркелген қазіргі таңда тұрғын үй кезек реті келмеген азаматтарға да Заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67,74 баптарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй белгіленген тәртіппен кезек арқылы беріледі.Бүгінгі таңда, беріліп жатқан арендалық тұрғын үйлер республикалық бюджет есебінен көпбалалы отбасыларға, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына және жұмыс істейтін жастарға берілуде.Сонымен қатар, “Нұрлы жер” мемлекеттік бағдарламасы аясында кезекте тіркелген санаттарына қарай “5-10-20”, “5-20-25” және кезекте тіркелмеген, атында тұрғын үйі жрқ азаматтар үшін “7-20-25” жеңілдетілген ипотекалық несие қарастырылған.

Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы