Басқарма басшысы қызметін уақытша әлеуметтік желі белсендісі атқарады

Бүгін Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлының орнына әлеуметтік желі белсендісі, ұстаз Бауыржан Ниязбеков уақытша басқарма басшысының міндетін атқарады. Бұл шара «23-маусым Мемлекеттік қызметкерлер» күніне орай «Өзін-өзі басқару» негізінде Түркістан облысының әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылып отыр.

Бауыржан Ниязбеков таңғы сағат 09.00-ден бастап өз жұмысына кірісті. Ол басқарманың бөлім басшылармен өткізілетін жоспарлы аппарат жиналысына қатысты. Онда жазғы мектептің қорытындысы тыңдалып, 1-сыныпқа қабылдау ісі пысықталды. Бұдан бөлек, орта білім колледждерге қабылдау жұмыстарының дайындығы сөз болды. Осылайша күн тәртібінде тұрған мәселелер айтылып, жұмыс барысымен танысты.

Бауыржан Ниязбековты облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының мамандары жылы шыраймен қарсы алып, жұмысына сәттілік тіледі.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі