Басқарма басшысы 40-қа жуық азаматты баспана мәселесіне қатысты қабылдау жүргізді

Бүгін Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы Ғалымжан Утенбаев сәрсенбі күнгі азаматтарды кезекті қабылдауында түскі уақытқа дейін 40-қа жуық азаматтың баспана мәселесіне қатысты өтініштерін тыңдап, оларға заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Азаматтарды қабылдау барысында тұрғын үй кезегіндегі көпбалалы отбасылар, халықтың әлеуметтік әлсіз топ мүшелері және бюджеттік ұйым қызметкерлері санатында тұрған тұрғындардың өтініштері қарастырылды. Сонымен қатар тұрғын үй кезегіне тіркелудің тәртібіне қатысты жүгінген азаматтарға кезекке тіркелудің талап шарттары түсіндірілді. Бұдан бөлек, тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтың өтініші қарауға алынды. Тұрғындарды алаңдатып жүрген мәселелердің басым көпшілігі кезек реті бойынша берілетін жалдамалы баспанаға қатысты.Басқарма басшысы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй белгіленген тәртіппен кезек реті бойынша берілетіндігін жеткізді. Сондай ақ тұрғын үй кезегіндегі азаматтар 2-10-20, 5-10-20, 5-20-25 жеңілдетілген несиелік бағдарламаларға қатысу арқылы баспанаға қол жеткізу мүмкіндігі бар екендігін жеткізді. Ғалымжан Әмірбекұлы тұрғындардың мәселесін жеке тыңдап, сала мамандарына тапсырмалар беріп, жіті өз бақылауында ұстайтындығын жеткізді. Аталған азаматтарды қабылдау түскі үзілістен кейін өз жалғасын таппақ.

Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы