Батырлар жырын жатқа айтып 1 миллион теңге жеңіп ал

Батырлар жыры

Батырлар жырын жатқа айтудан «Оңтүстік Қазақстан» газетінің жүлдесіне арналған «Жақсылар, дастан айтайын…» атты IV облыстық жас жыршылар байқауы өтпек. Биылғы байқау «Оңтүстік Қазақстан» газетінің 100 жылдығына арналып отыр. Сайысқа жалпы орта білім беретін мектеп, лицей, гимназиялардың 6-10 сыныптарының оқушылары қатыса алады. Шара аясында қатысушыларға «Шора батыр» жырын жатқа айту, жырда кездесетін көнерген сөздердің мән-мағынасын түсіндіру, қазақ әдебиеті пәнінің оқу бағдарламасы негізінде әзірленген сұрақтарға жауап беру сынды тапсырмалар беріледі.

Аудандық кезеңде I орын алған 17 жеңімпаз облыстық кезеңге жолдама алады. Байқаудың шарты бойынша 1-11 қазан аралығында аудандық кезең, 24 қазан күні облыстық кезең өткізіледі. Аудандық кезең бойынша І орынға –50 000 теңге, ІІ орынға – 30 000 теңге, ІІІ орынға – 20 000 теңге қаржылай сыйлық беріледі. Ал облыстық кезең бойынша І орынға – 1 000 000 теңге, ІІ орынға – 500 000 теңге, ІІІ орынға – 300 000 теңге табысталады.

Сонымен қатар, облыстық кезеңде жеңімпаз үш қатысушының ұстаздары да қаржылай сыйлықпен марапатталады. Ұстаздарға І орынға – 1 000 000 теңге, ІІ орынға – 500 000 теңге, ІІІ орынға– 300 000 теңге берілмек. Одан бөлек, бес адам 50 000 теңдеген ынталандыру сыйлықтарына ие болады. Ұйымдастыру алқасының мекен-жайы: Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 6, 3-қабат, «Оңтүстік Қазақстан» газеті. Тел.: 8 776 358 03 76, daulet_776@bk.ru

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі