Бауыржан Әлтеев қалалық мәслихатының депутаты Талғат Балтабевпен кездесті

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, «Уақыт» газетінің бас редакторы Талғат Балтабевпен кездесті. Бауыржан Ілімшеұлы кездесуде кәсіподақ ұйымдарының бүгінгі атқарып жатқан істері жайында мәлімдеп, еңбек адамдарын мащалайтын өзекті мәселелер мен жеткен жетістіктерін жеткізді. Кездесу соңында Бауыржан Ілімшеұлы Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру идеясы аясында қоғамның дамуына қосқан елеулі үлес пен әлеуметтік әріптестікті дамыту жолындағы жемісті еңбегі үшін Талғат Дүйсебайұлын арнайы Алғыс хатпен марапаттады. Халық қалаулысы жемісті жұмыс істеп, еңбек адамының құқығын қорғауда айрықша іс атқарып жатқан мекеме жұмысына сәттілік тіледі.

Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы