Бейнекамералар құқық бұзушылықтардың алдын алуда

Қазіргі заманда құқық бұзушылықтардың алдын алуда цифрландыру жүйесі көп пайдасын тигізіп жатыр. Солардың бірі көшелерде, аулаларда бейнекамералар орнату.

Елімізде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушыларды дер кезінде анықтау мақсатында бейнекамералардың жұмысы  іске қосылып, өз нәтижесін беріп жатыр. Осы ретте Түркістан қаласының полицейлері жаңа бағдарлама арқылы құқық бұзушылықтарды анықтап, алдын алып келеді. Мәселен, осы жылдың 10  айында бейнекамералардың көмегімен 40000 астам әкімшілік құқықбұзушылықтар ,сонымен қатар 139 қылмыстың ізі суытылмай ашылған. Бұл бейнекамералардың көмегімен жыл басынан бері көптеген  жол қозғалысы ережесін бұзған  жүргізуші ұсталды.

Айта кететін жайт, жол қозғалысы кезінде ережені ескермейтін жүргізушілер үлкен қауіп төндіреді. Ойланбастан жасалған сәтсіз тәуекелдің соңы орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін. Осындай апаттың алдын алу барысында бейнекамералар тәртіп сақшыларының жұмысын жеделдетті. Яғни, автоматтандырылған жүйенің көмегімен қауіпті жүргізушіні тез арада анықтауға мүмкіндік туды. Десек те, әр азамат жол ережесін мұқият сақтауы қажет. Жол қателіктерді кешірмейді!