Биыл шымкентте 70-тен аса азамат тұрғын үй сертификаты арқылы баспаналы болды

Биыл Шымкентте 73 азамат қайтарымсыз негіздегі тұрғын үй сертификаты арқылы баспаналы болды. Оның ішінде: көпбалалы отбасылар-17, ерекше бала асыраушы отбасылар – 54, толық емес отбасылар саны- 2. Қазіргі таңда тұрғын үй сертификатына өтінімдер қабылдау әрі қарай жалғасуда.

Тұрғын үй сертификаты әлеуметтік көмек ретінде қайтарымсыз негізде 1 млн. теңге дейін қаралған. Өтініш берушінің және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен (2023 жылға – 40 567 теңге) соңғы 6 (алты) ай ішінде орташа табысы (125 757 теңге) аспаған жағдайда беріледі. Зейнетақы аударымдары, жеке табыс салығы және өзге де міндетті аударымдар есептелмейді.

Тұрғын үй сертификатына «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие негізінде «2-10-20», «5-10-20» бағыттары шеңберінде тұрғын үй алған азаматтар банктің мақұлдау хаты болған жағдайда, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу барысында өтінім жолдай алады.

Өтініш www.kezekte.kz интернет ресурсы арқылы қабылданады. Ол үшін әрбір азаматтың электронды цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы қажет.