Бокстан жасөспірімдер арасында турнир басталды

Бүгін аудан әкімі Нариман Мақұлбековтың қатысумен бокстан жасөспірімдер арасындағы Шиелі аудандық ашық біріншілігінің ашылу салтанаты өтті.Турнирге аудандық мәслихат хатшысы Т.Жағыпбаров, аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов, Жуантөбе ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Жылқайдар, жас спортшылар, зиялы қауым өкілдері мен БАҚ өкілдері қатысты.Турнирде аудан басшысы Нариман Мақұлбеков сөз сөйлеп, турнирге қатысушы жас жеткіншектерге еліміздің намысын жоғары деңгейде қорғай берулеріне тілектестігін жеткізді.Сонымен қатар, биылғы жылы кент орталығынан және Сұлутөбе ауылдық округінен заманауи талаптарға сәйкес спорт сауықтыру кешендерінің құрылыстарын және Талаптан ауылдық округінде спорт мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарын бастауды жоспарлануда. Сондай-ақ, Көк-Шоқы мөлтек ауданындағы спорт кешенін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті қаржы қарастырылуда.Турнир барысында аудан әкімі Н.Мақұлбеков, бүгінде жас спортшыларымыз, жерлестеріміз аудандық, облыстық, республикалық турнирлерде көптеген жетістіктерге жетіп, биік шыңдарды бағындырып келеді. Әлемде кең дамыған спорттың түрі бокстан — ауданымызда спортшыларымыз қарқынды түрде шұғылданып, үйірмелерге жас жеткіншектеріміз көптеп тартылуда. Оның дәлелі ретінде спорт кешендерінде секцияларда 340 жас балғын боксшыларымыз тәрбиеленуде. Осындай жарыстардың ұйымдастырылуының нәтижесінде Шиелілік боксшылар Балтабай Диас, Оразәлә Ақжеңіс, Тұрманов Сержан қазақстан біріншіліктерінде жеңіс тұғырынан көрінуде. Міне, осындай спорт кешендерінен еліміздің көк байрағын әлемге танытып жүрген Данияр Елеусінов, Геннади Головкин, Бақтияр Артаев, Сыр өрені Қамшыбек Қоңқабаев секілді ауданымыздың атын шығаратын боксшылар шығатынына мен сенімдімін, – деді.Сөз соңында, аудан әкімі Нариман Мақұлбеков жарысқа қатысушы болашақ чемпиондарға сәттілік тіледі.

Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі