Жәнібек Әлімханұлының қоржынында тағы бір жеңіс

Ол WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанып, Қазақстанның бокс тарихындағы біріккен жекпе-жектен кейін екі чемпиондық белбеудің иегері атанған екінші боксшы.

WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мен IBF белбеуінің иегері, неміс боксшысы Винченцо Гуальтиери арасындағы жекпе-жекте Жәнібек Әлімханұлы техникалық нокаутпен жеңді.

«Жәнібек елімізден шыққан дарынды боксшы. Бүгінгі жеңісі барша жанкүйерлерін, қолдаушыларын қуанышқа бөледі. Әрдайым биік шыңдардан көріне берсін. Байрақты бәсекелерде қашан да топ жаруына тілектеспін!», — деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Кездесу АҚШ-тың Розенберг қаласында өтті.